- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қаржы министрлігі бюджеттік қаражатты тиімді қолдануды бақылау жұмыстарын жандандырады
2014 жылы Қаржы министрлігі бюджеттік қаражатты тиімді қолдануды бақылау жұмыстарын жандандырады
«2014 жылы ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік қаражатты тиімді қолдануды бақылау жұмыстарын жандандырады, соның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарамаларға бөлінген қаражатты қараймыз. Президенттің тапсырмасын іске асыруда мемлекттік аудит енгізу жұмыстары жүргізілуде», - дейді Б.Сұлтанов.
Оның айтуынша, бюджет қаражатын тиімді жұмсау мемлекеттік қаржының ашықтығы мен сақталуын қамтамасыз етудің басым бағыттары болып табылады.
«Өткен жылы 580 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік сатып алу процедурасы мен бюджеттік заңнаманы бұзу анықталған. Бұл көлсеткіштің 2012 жылы 552,9 млрд теңге болғаны анық. Процессуалды шешім қабылдау үшін құны 111,4 млрд теңге болатын құқық бұзушылық материалдары құқық қорғау органдарына жөнелтілген», - дейді ведомство басшысы.
Осылайша қабылданған шаралармен негізсіз шығындарды іздестіру арқылы бюджетке 2 млрд теңге түскен.
Сонымен қатар, тауар, қызмет пен жұмысты жеткізу арқылы 131,6 млрд теңге көлемінде мемлекет активтері қалпына келтірілді.
«Айта кету керек, бақылау тиімділігін арттыру мен бақыланатын нысандарға қысымды азайтуды алып тастау керек. 2012 жылмен салыстырғанда тексеріс саны 1,2 есе азайып, бақылаудың нәтижелігі 1,4 есеге артқан», - дейді Б.Сұлтанов.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу