- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» көктемгі дала жұмыстарына 40 млрд. теңге бөлді
2013 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» көктемгі дала жұмыстарына 40 млрд. теңге бөлді
«Қаржыландыру бойынша басымдық берілген бағдарламалар қатарында ауылшаруашылығы тутынушы кооперативтерін қаржыландыру және фермерлерге қажетті техниканы сатып алу үшін қолдау көрсету, негізгі құралдарды сатып алу және жаңғырту, оның ішінде жаңа технологияларды енгізу де бар», - деп Н. Сейсенбаев атап өтті.
Сонымен оның айтуынша коорпорация көктемгі дала және жинау жұмыстары бойынша өтініштерді қарауға кірісіп кеткен.
«Өткен жылы осы мақсатты 40 млрд. теңге бөлінді, қомақты қаржы біздің қарызгер фермерлерге 2 млн. га жерге егін егіп, жинау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Бүгіннен бастап біз ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен сөйлесіп, олардың өтініштерін қабылдап, қарастырып жатырмыз. Менің ойымша біз осы мақсаттарды қаржыландыруді бастаймыз», - деді Н. Сейсенбаев.
Сонымен қатар, ол төлдейтін ІҚМ басын сатып алу бойынша жобаны жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.
«Бұл ет экспорты әлеуетін дамыту бағдарламасы аясында іске асырылып және дамытылып жатқан «Сыбаға» бағдарламасы. Аталмыш бағдарламаның басынан бастап қолға алынуынан бастап корпорация 70 мыңнан астам ірі қара малын қаржыландырды. Бұл дегеніңіз шамамен 17 млрд теңге. Тек өткен жылдың өзінде осы бағдарламаға 5 млрд 800 млн теңге бөлініп, 30 мыңдай ірі қара алынған», - дейді Н.Сейсенбаев.
Айта кету керек, аталмыш бағдарлама тауар-ферма шаруашылықтарында мал басын арттыруға мүмкіндік береді.
«Демек, фермерлер тарапынан сатып алу нәтижесінде мал басы жеке тұрғындардың қолынан біртіндеп шаруа қожалықтарының қолына өтіп жатыр. Бұның соңы неге алып барады? Еңбек өнімділігі артады, шағын және орта кәсіпкерлік күшейеді. Жалпы мал шаруашылығының дамуына қарқын береді», - деп түйіндеді Н.Сейсенбаев.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді