• Басты
  • Нейрохирургия орталығы 40-тан астам технологияларды сәтті іске асыруда – С.Ақшолақов
27 Ақпан, 2014 16:12

Нейрохирургия орталығы 40-тан астам технологияларды сәтті іске асыруда – С.Ақшолақов

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бүгінде Қазақстанда алғаш рет қолға алынып жатқан 40-тан астам технологияларды іске асыруда, деп мәлімдеді «ҰНО» АҚ директоры Серік Ақшолақов Strategy2050.kz берген сұхбатында.
Нейрохирургия орталығы 40-тан астам технологияларды сәтті іске асыруда – С.Ақшолақов

«Орталықтың жұмыс істеп тұрған 5 жыл ішінде біз өз тәжірибемізде 40-тан астам жаңа технологияны қолдандық. Бұл технологиялар Қазақстан мен Орта Азияда алғаш рет қолға алынуда. Бұған сеп болған алғаш рет бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу болып табылады. Бұл өз кезегінде медициналық қызмет көрсету мен медициналық қызмет көрсету нәтижесі мен сапа көлеміне тәуелді сандық нәтиже бойынша медициналық ұйымдарды қаржыландыру процесін жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді С.Ақшолақов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, барлық жаңа технология бүгінде республиканың өңірлеріне де жеткізілуде. Орталық өңірлердегі медицналық қызмет көрсету ұйымдарына 44 медициналық құрылғы жөнелткен.

«Бұл халықтың осынау заманауи құрылғыларына көптеп қол жеткізуіне жол ашты», - дейді С.Ақшолақов.

Айта кету керек, орталықта радиохирургиялық емдеу енгізу жоспарланған. Ол ісік ауруларының көзін жоюға мүмкіндік береді.

«Алдағы уақытта біз Қазақстанда радиохирургиялық емді дамытуды көздеп отырмыз. Бұл дегеніңіз стереотаксикалық құрылғыны қолдана отырып нейрохирургиялық паталогия кезіндегі алтын талаптардың бірі болып табылатын гамма пышақ секілді арнайы құрылғылармен емдеуге жатады», - деп түйіндеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды