• Басты
  • 2014 жылы Аграрлық несие корпорациясы АӨК қаржыландыруды 77 млрд. теңгеге дейін ұлғайтады - Н.Сейсенбаев
27 Ақпан, 2014 15:51

2014 жылы Аграрлық несие корпорациясы АӨК қаржыландыруды 77 млрд. теңгеге дейін ұлғайтады - Н.Сейсенбаев

Қазақстан халқына ҚР Президентінің Жолдауы аясында 2014 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыру көлемін 77 млрд. теңгеге дейін ұлғайтпақшы, деп «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында компанияның басқарушы директоры Нұржан Сейсенбаев ағынан жарылды.
2014 жылы Аграрлық несие корпорациясы АӨК қаржыландыруды   77 млрд. теңгеге дейін ұлғайтады  - Н.Сейсенбаев

«Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы жыл сайынғы «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосу бойынша ұзақмерзімді жоспарын анықтап берді және бізге жүзеге асыру керек  басты 7 бағытты атап берді.  Онда шағын және орта бизнесті дамыту және агроөндірістік кешенді инновациялық рельстерге көшіру басты бағыттардың бірі  деп көрсетілген.  Аталмыш бағыттарға тоқталып өтетін болсақ, фермерлікті кооперациялау мәселесін күшейту, агроөндірістік сектордағы еңбек өнімділігін арттыруға ден қою мәселелері аталған болатын», - деді Н. Сейсенбаев.

Оның айтуынша, соңғы жылдары ауылшаруашылығын қолдау  қаржы институттары арқылы аталмыш бағыттағы АӨК субъектілеріне көбірек көңіл бөлінуде.

 «Өзінің қамқорлығымен институттар азық-түлік белбеуін нығайтып, Қазақстанның ауыл азаматтарына жермен жұмыс істеу үшін қаржыны қолжетімді етуде. Осылайша, корпорация өз тарапынан ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерді қаржымен уақытылы қамтамасыз ету арқылы қолдау көрсетіп келеді», - деп Н. Сейсенбаев атап өтті.

Сонымен, оның мәліметтері бойынша 2013 жылы корпорация 72 млрд. теңге көлемінде қаржыландырды.

«Бұл қомақты қаржы 3800 қарыз алушыға үйлестірілсе, 2014 жылы қаржыландыру сомасы 77 млрд. теңгеге дейін жеткізіледі деп болжануда», - деп  Н. Сейсенбаев хабарлады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды