- Басты
- Жаңалықтар
- Нейрохирургиялық ұлттық орталық эндоваскулярлық әдіспен емдеу арқылы 800 пациенттің өмірін сақтап қалды - С. Ақшолақов
Нейрохирургиялық ұлттық орталық эндоваскулярлық әдіспен емдеу арқылы 800 пациенттің өмірін сақтап қалды - С. Ақшолақов
«Біз Қазақстанда жаңа бағытты аштық - ол бас миының тамыр ауруларын хирургиялық эндоваскулярлы емдеу. Бұл әдісті біз тәжірибемізге заманауи техникамен арнайы оқытылған білікті мамандардың арқысында енгіздік. Айта кетерлік жайт, бұған дейін осындай дертке шалдыққандар ота жасату үшін шетелге баратын және олардың кейбіреулерінің ем-домын мемлекет өз мойнына алып келген. Осы уақыт аралығында 800-ден астам емделушінің өмірі аман алып қалынған және мемлекетке 1 млрд. теңге үнемделді», - деді С. Ақшолақов.
Оның айтуынша, осы 5 жыл ішінде Нейрохирургия орталығында 8 мыңнан астам науқасқа ота жасалып, олардың 3 мыңнан астамына ота жаңа технологияларды пайдалану арқылы жоғары білікті мамандандырылған көмек көрсетілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Нейрохирургиялық ұлттық орталық» 2008 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық ашылған кезден бастап оның алдында жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңа әдістерді енгізу мақсаты тұрды.
Нейрохирургиялық ұлттық орталық директорының айтуынша, бүгінде мекеме әлемдіқ қауымдастықтың сеніміне кіріп, мойындатты, бұл өз кезегінде елімізде медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
«Бізге Ресей, Өзбекстан, Тәджікстан, Қыргызстаннан емделушілер көптеп келе бастады және осы саланы біз жайлап дамытып келеміз. Осылайша, 70 астам шетелдік азаматқа елімізде ота жасалды», - деді ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда