- Басты
- Жаңалықтар
- G-global платформасында Қазақстандағы этноәлеуметтік үрдістер талқыланады
G-global платформасында Қазақстандағы этноәлеуметтік үрдістер талқыланады
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Этносаралық қатынастар және этносаясат саласында жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу технологиясы» тақырыбындағы 2 күндік әдістемелік семинар-тренингі басталды.
Семинар-тренинге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері мен халықаралық сарапшылары қатысуда. Тыңдаушылар ретінде этносаралық және конфессияаралық қатынастар, этносаясат мәселесімен айналысатын ғылыми зерттеу құрылымдары мен жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Астана, Алматы қалаларының, облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері қамтылды.
Семинар-тренингтің мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында этносаралық қатынастарды және этносаяси жағдайды зерттеу жұмыстарын әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша тыңдаушылардың білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.
Өткізілген семинар-тренингтің шеңберінде G-global платформасындағы «Қазақстан өңірлеріндегі этноәлеуметтік үдерістер: өңірлік деңгейде зерттеулер жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы онлайн-конференция және «Этносаралық қатынастарды пәнаралық әдіс тұрғысынан тәжірибелік ұсынымдар әзірлей отырып, зерделеу ерекшеліктері» тақырыбындағы онлайн-дәріс өткізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында Қазақстанның мемлекеттік этносаясатының жаңа міндеттері мен осы саладағы зерттеу жұмыстарының басым бағыттары және этносаралық қатынастарды зерттеудегі пәнаралық әдісті қолданудың ерекшеліктері мен артықшылықтары айқындалды. Қазақстандағы этносаралық қатынастарды және этносаяси ахуалды зерттеу жұмыстарының қазіргі жай-күйі талданды, этносаясат, этносаралық қатынастар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша пікір және тәжірибе алмасып, этносаралық қатынастар салаларындағы саясатты іске асыру жөнінде құнды ұсынымдар айтылды.
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қазақстандағы КВИ дaғдaрыcы: өзгерістерге толы бір жыл