• Басты
  • G-global платформасында Қазақстандағы этноәлеуметтік үрдістер талқыланады
27 Ақпан, 2014 12:30

G-global платформасында Қазақстандағы этноәлеуметтік үрдістер талқыланады

G-global платформасында «Этносаралық қатынастарды пәнаралық әдіс тұрғысынан тәжірибелік ұсынымдар әзірлей отырып, зерделеу ерекшеліктері» тақырыбындағы онлайн-дәріс өткізілді.
G-global платформасында Қазақстандағы этноәлеуметтік үрдістер талқыланады

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында   «Этносаралық қатынастар және этносаясат саласында жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу технологиясы» тақырыбындағы 2 күндік әдістемелік семинар-тренингі басталды.

Семинар-тренинге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері мен халықаралық сарапшылары қатысуда. Тыңдаушылар ретінде этносаралық және конфессияаралық қатынастар, этносаясат мәселесімен айналысатын ғылыми зерттеу құрылымдары мен жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Астана, Алматы қалаларының, облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері қамтылды.

Академияда хабарлағандай, семинар-тренингтің мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында этносаралық қатынастарды және этносаяси жағдайды зерттеу жұмыстарын әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша тыңдаушылардың білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.

Өткізілген семинар-тренингтің шеңберінде G-global платформасындағы «Қазақстан өңірлеріндегі этноәлеуметтік үдерістер: өңірлік деңгейде зерттеулер жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы онлайн-конференция және «Этносаралық қатынастарды пәнаралық әдіс тұрғысынан тәжірибелік ұсынымдар әзірлей отырып, зерделеу ерекшеліктері»  тақырыбындағы онлайн-дәріс өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында Қазақстанның мемлекеттік этносаясатының жаңа міндеттері мен осы саладағы зерттеу жұмыстарының басым бағыттары және  этносаралық қатынастарды зерттеудегі пәнаралық әдісті қолданудың ерекшеліктері мен артықшылықтары айқындалды. Қазақстандағы этносаралық қатынастарды және этносаяси ахуалды зерттеу жұмыстарының қазіргі жай-күйі талданды, этносаясат, этносаралық қатынастар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша пікір және тәжірибе алмасып, этносаралық қатынастар салаларындағы саясатты іске асыру жөнінде құнды ұсынымдар айтылды.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды