- Басты
- Жаңалықтар
- Серік Ахметов пен Николай Азаров 2013-2014 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Серік Ахметов пен Николай Азаров 2013-2014 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Құжат стратегиялық әріптестіктің түрлі салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді.
Қазақстан және Украина Үкіметі басшыларының қатысуымен, сондай-ақ 2013-2015 жылдарға арналған ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасына қол қойылды. Мемлекетаралық Келісімді ҚР білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен Украинаның Ғылым, инновация және ақпараттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік агенттігінің төрағасы Владимир Семиноженко қол қоюымен бекітті.
Қол қою рәсімінен соң ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов пен Украина Премьер-Министрі Н.Азаров брифинг өткізді.
Қазақстан Үкіметінің басшысы «болған келіссөздердің маңыздылығы мен жоғарғы сындарлылығына» тоқталып, «Қазақстан да Украина да екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастан зор болашақ күтетінін» атап көрсетті.
«Қазақстан Украинаның сауда әріптестерінің бірінші бестігіне кіреді»,-деді С.Ахметов. Ол маңызды жетістіктер легінде «өңірлер мен шаруашылық субьектілері арасындағы тікелей байланыстардың жанданғанын» атады.
Ынтымақтастықтың болашағына қатысты С.Ахметов бүгін қол қойылған «Жол картасы-4» құжаты сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, көлік салаларында, машина жасау өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен және ғарыш саласы, гуманитарлық өзара іс-қимыл төңірегіндегі әріптестік аясын кеңейтуге бағытталғанын атап айтты.
С.Ахметов екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін қол жеткізілген келісімдер мен қол қойылған құжаттардың маңыздылығына тоқталды.
Соңында С.Ахметов, «достық, өзара сыйластық пен стратегиялық әріптестікке ұмтылу алдағы уақытта да Қазақстан мен Украина халықтарының игілігі үшін біздің қарым-қатынастарымыздың басты принциптері болып қала береді» деді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары