- Басты
- Жаңалықтар
- Петропавлда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Петропавлда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Петропавл қаласының 24 кәсіпкерлігі мүмкіндігі шектеулі 100 шақты адамға жұмыс орындарын ұсынды. Шараға қатысып екі қол бір күрек іздеген мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 200-ден асты.
«Бос жұмыс орындары тізімі мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайына қарай құрылған. Жұмысқа тұру тәртібі медициналық көрсеткіштер мен дәрігер сараптамасын ескереді», - дейді Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісінің орынбасары Ольга Букина.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдаған ұйымдарға мемлекет бірқатар жеңілдіктер қарастырған. Мүгедек жандарға арналған осындай бос жұмыс орны жәрмеңкесін алдағы уақытта жылына екі рет өткізу жоспарланған.
Айта кету керек, бос жұмыс орны жәрмеңкесі – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз Жолдауында айтқан тапсырмаларын іске асырудың бір тетігі. Естеріңізге сала кетейік, стратегиялық құжатта мүгедек жандардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне баса назар аударған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті