- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда «Шектеусіз әлем» атты телемарафон өтті
Көкшетауда «Шектеусіз әлем» атты телемарафон өтті
Телемарафон «Қазақстан» РТРК» АҚ телеаранасынан тікелей эфирде көрсетілді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, коғам қайраткерлері, аудандық маслихаттың депутаттары мен мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты, деп Ақмола облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлады. Онда кембағал жандарды жұмыспен қамту, білім проблемалары, жеке бизнес ашу мүмкіндіктері мен жарым жандармен байланысты өзгеде мәселелер кеңінен талқыланды.
Атап өтерлік жайт, өткен 2013 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ақмолалық 13 мүгедек өз кәсібін ашуға және шаруасын үлкейтуге 30 млн. теңге көлемінде микронесие алды. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Ақмола облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысбастылық және жұмыспен қамту бойынша қазмет» құрылатын болады. Ол үшін 1 200,0 млн. теңге бөлінген. Қызметті ашу мүгедектігі бар жандарға жұмыспен қамту бойынша ұсыныс пен сұраныс құруға мүмкіндік береді.
Телемарафон барысында студияға 20-дан астам қоңырау келіп түсті, оларға нақты жауапта қайтарылды.
Айта кетейік, Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады», - деді Президент өз Жолдауында.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері