- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев пен П. Бодуэнмен «Бомбардьер» компаниясының қызметін талқылады
Н. Назарбаев пен П. Бодуэнмен «Бомбардьер» компаниясының қызметін талқылады
Ақордада хабарлағандай, кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің перспективалары, атап айтқанда, елдегі көлік қызметінің аясын кеңейту жайы талқыланды.
Мемлекет басшысы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы соңғы кездесуден кейін көлік саласында тығыз ынтымақтастық орнату жөнінде қазірдің өзінде нақты жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
«Біз «Бомбардьер» тәрізді белгілі компанияның Қазақстан нарығына келуіне мүдделіміз. Осыған байланысты тағы бір отандық «Эйр Қазақстан» әуе жолы компаниясын құруды жоспарлап отырмыз, ол бастапқы кезеңде ішкі рейстерді атқаратын болады. Өздеріңіз білетіндей, біз сондай-ақ BAE Systems компаниясымен бірлесіп «Эйр Астана» әуе жолы компаниясын құрдық. Басқарудың осы тәжірибесін жаңа компания құру кезінде де пайдалануға болады. Авиация саласындағы ынтымақтастықпен қатар біз үшін көлік саласының өзге секторларындағы жобалар да қызықты. Бұдан бөлек отандық ұшқыштар және еліміздегі техникалық қызмет көрсету орталықтарына мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық аса маңызды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті мейлінше тығыз ынтымақтастық үшін республикамызда компания өкілдігін ашу және бірлескен қызметті өңірлік деңгейге көшіру қажеттігіне тоқталды.
«Бомбардьер» компаниясының басшысы бұл кездесудің көлік саласындағы түрлі бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды екенін айтты.
«Біз көлік қызметінің сапасын арттыру және жалпы Қазақстанның көлік саласын дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Авиациялық техниканы жеткізу – бірлескен қызметіміздің шағын ғана бөлігі екеніне сендіргім келеді. Біз өз технологияларымызды енгізуді әрі мол тәжірибемізді қолдануды да жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, Қазақстанның ұшқыштарын оқытып, ұшақтарға қызмет көрсететін сервистік орталықтар құрып, осы арқылы Қазақстанмен ұзақмерзімді перспективада жұмыс жүргізетін боламыз», – деді П.Бодуэн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады