• Басты
  • Ғылым мен ғылымды қажетсінетін экономика көрсеткіштері - 2050 Стратегиясының басымдықтарының бірі
26 Ақпан, 2014 16:15

Ғылым мен ғылымды қажетсінетін экономика көрсеткіштері - 2050 Стратегиясының басымдықтарының бірі

Ғылым мен ғылымды қажетсінетін экономика көрсеткіштері әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында басты басымдық пен көрсеткіш болып табылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте Л.Н. Гумилева атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.
Ғылым мен ғылымды қажетсінетін экономика көрсеткіштері  - 2050 Стратегиясының басымдықтарының бірі

«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында басты басымдық пен көрсеткіш - ол ғылым мен ғылымды қажетсінетін экономика көрсеткіштері  болып табылады. Сондықтанда, Елбасы өзінің халыққа Жолдауында осы мәселеге ерекше ден қойған. Ғылымға бөлінген ЖІӨ-нің 3%-да  осыны көздейді. Біз өзіміздің дамыған 50 елдің қатарына кіру міндетімізді уақытынан бұрын орындадық», - деді Е. Сыдықов.

Оның айтуынша, ол үшін барлық параметрлер мен қолайлы жағдай керек. Сонымен қатар, Елбасының мақсатты және сарабдал саясаты, тұрақтылық пен түсіністік, көршілірмен достастығымыз, ашықтық пен біздің қоғамдағы демократия және инвестициялау үшін қолайлы жағдай да қажет. 

«Әр мекеме, оқу орны стратегиялық міндеттерді орындауға талпынуы керек. Менің ойымша әр азамат өзінің іс-әрекетімен, мәдениетін арттыру және білімін жетілдіру арқылы осы мақсатқа ұмтылуы керек, сонда біз алға қойған мақсатқа бірлесіп жетеміз», - деп ол өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, Е. Сыдықов атап өткендей ЖІӨ-нің 3%-ы ол үлкен сан. 

«Егер салыстырмалы түрде айтатын болсақ, қазіргі таңда Қазақстан бойынша ғылымды дамыту үшін ЖІӨ-нің 0,16% бөлінеді, яғни бұл көрсеткіш 20 есе ұлғайтылады. Бұл техникалық ғылым саласына револиция деңгейінде үлкен импульс береді. Қомақты қаржы қазақстандық ғылымды алға жетелейтін болады», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды