- Басты
- Жаңалықтар
- Пекинде Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастық сұрақтары талқыланды
Пекинде Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастық сұрақтары талқыланды
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлағандай, келіссөз жүргізушілер кең ауқымды сұрақтарды, нақты айтар болсақ, Қазақстан мен Қытайдың транизиттік әлеуетін дамыту, Қазақстан мен Қытай шекарасында астық терминалының құрылысы мәселесі, астықты, жуылған қой жүні мен жартылай өңделген өнімді «Вет-блю» хромдық илеуін, ТОПС жүнді жартылай өңделген өнімдерін, қой терісінен тон және аң терісінен істелген өнімдерді жеткізу мәселелері талқылады.
«2013 жылғы Қазақстан мен Қытай тауар айналымы 22,53 миллиард АҚШ долларына жетті. Экспорт 14 миллиард 334 миллион АҚШ долларынан, ал импорт - 8 миллиард 193 миллион АҚШ долларынан асып түсті.», - деп ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Тимур Жақсылықов ҚХР Сауда министрлігінің халықаралық сауда келіссөздері бойынша Өкілі Чжун Шанмен кездесу кезінде хабарлады.
Өз кезегінде қытайлық тараптың келіссөз жүргізушілері екі елдің табысты инвестициялық ынтымақтастығын атап өтті. ҚХР Сауда министрлігінің мәліметі бойынша 2013 жылы Қытайдан Қазақстанға болған инвестиция көлемі 19,51 миллиард АҚШ долларын құрады.
Үлкен бірлескен инвестиялық жобалардың қатарында Қазақстан-Қытай мұнай құбыры және Қазақстан-Қытай газ құбырын кеңейту, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» мұнай құбырының құрылысы, «Семізбай» уран кен орнын кен шығаруға дайындау бойынша бірлескен жоба, Атырау МӨЗ-да мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы бар.
Сонымен қатар, Тараптар қазақстандық бидай мен ұнның Қытайға жеткізілім көлемін арттыру және оларды Қытай территориясы арқылы үшінші елдерге тасымалдау мәселелерін пысықтау бойынша, ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жұмыс тобын құру қажеттілігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды