- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда «Табиғаттың тамаша әлемі» туристік кластері дайындалады
Шығыс Қазақстанда «Табиғаттың тамаша әлемі» туристік кластері дайындалады
Меморандум аясында тараптар Шығыс Қазақстан облысы дамуының кластерлік бағдарламасының шеберлік жоспарын іске асыру аясында ынтымақтастық құруға келісті. Аталмыш құжат Мемлекет басшысының ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-на «IPK International» халықаралық консалтингтік компаниясымен (Германия) бірлескен тапсырысы бойынша берген тапсырмасын орындау аясында дайындалды.
Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан кластері «Табиғаттың тамаша әлемі» ретінде танылып, экологиялық туризмді дамытудың орталығы болмақ. Аталмыш кластерде дайындалатын негізгі туристік өнімдерге белсенді және шытырман туризм мен тау мен көлдегі демалыс енгізілмек.
Құжаттың мақсаты – демалыс орнына жергілікті және шет елдік инвесторлар мен туристерді тарту ұсыныстарын құру мен халықаралық деңгейдегі демалыс орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Зерттеу нәтижесінде 100 әлеуетті туристік бағыт анықталып, Шығыс Қазақстанның барынша тартымды 27 туристік жерлеріне баға берілді. Онда экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қасиеттер де назарға алынды.
«Туристік кластер «Шығыс Қазақстанға» Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктері кіргізілген. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады, онда негізгі қызықты 6 туристік орын орналасқан. Бұқтырма су қоймасы, Ертіс өзені - Жайсан көлі, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Марқакөл өзені мен Қалжыр құзы, Риддер-Анатау мен Иван таулары, Семей қаласы. Алакөл айналасында туристік аймақты дамытуға ерекше рөл берілді. Әр кластер бір туристік өнімді дамытуға бағытталған», - деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев ағынан жарылды.
Болашақта Шығыс-Қазақстан облысының қалған бөлігі Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы мен «Берель» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мен басқаралары енгізіліп, туристік кластердің кеңістігі ұлғайтылуы мүмкін.
Айта кетерлік жайт, 2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысын кластерлі дамыту бағдарламасы бойынша шеберлік-жоспарды жүзеге асыру аясында 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 10 мыңнан астам төсек орын пайдалануға беріледі. Қарастырылып жатқан жобалар аясында жеке инвестиция сомасы 600 млн. доллардан асып жығылады деп күтілуде.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады