- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс «Жалақыны қорғау туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы мен ең төменгі жалақыны орнату рәсімі туралы Тұжырымдаманың ратификациясын мақұлдады
Мәжіліс «Жалақыны қорғау туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы мен ең төменгі жалақыны орнату рәсімі туралы Тұжырымдаманың ратификациясын мақұлдады
«Аталмыш нормалар қатысушы елдердің міндеттемелері немесе еңбек жалақысын тиімді реттеу процедурасы арқылы және ұжымдық келісім шарты орнатылмаған өнеркәсіп секторлары мен салаларындағы ең төменгі айлық жалақы көрсеткішін қою процедурасын сақтауға мүмкіндік береді», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Аталмыш тұжырымдаманы ратификациялаған тарап қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің немесе еңбеккерлердің ең төменгі айлық жалақы турасында хабардар болып, тиісінше ең төменгі айлық жалақының нормадан төмен болмауы үшін бақылау және санкция жүйесі түріндегі қажетті шараларды қабылдайды.
«Ең төменгі айлық жалақыны қою мен төлеу ҚР Конституциясы тарапынан бекітілген маңызды әлеуметтік кепілге жатады. ҚР Еңбек кодексіне сай, ең төменгі айлық жалақы көрсеткіші Республикалық бюджет туралы ҚР Заңына сай жыл сайын көтеріліп отырады және ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс», - деді министр.
ҚР Еңбек кодексімен сәйкес «Жалақыны қорғау бойынша Конвенцияны ратификациялау» туралы ҚР заң жобасы бойынша Қазақстандағы ақшалай түрде төленетін жалақы ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.
Сонымен қатар, Т. Дүйсенованың айтуынша, жалақыны төлеу шарттары мемлекеттік кепілдемелерді қамтамасыз ету керек.
Сонымен, Конвенцияның 3 бабына сәйкес ақшалай жалақы мемлекеттік айналымда жүрген заңды валюта түрінде ғана төленеді Ал, қолхат, купон немесе басқа үлгіде борышкерлік міндеттемелерді заңды валютада өтеуге тыйым салынған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды