• Басты
  • 2014 жылы Ақтау қаласында «Самұрық-Қазына» ЖМҚ Каспийлік жобаны «жасыл» технологияны пайдалану арқылы жүзеге асырады
26 Ақпан, 2014 12:07

2014 жылы Ақтау қаласында «Самұрық-Қазына» ЖМҚ Каспийлік жобаны «жасыл» технологияны пайдалану арқылы жүзеге асырады

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2014 жылы Каспийлік жобаны «жасыл» технологияны пайдалану арқылы жүзеге асыруды жоспарлауда, деп «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарушы директоры Мұқан Жолдасов мәлім етті.
2014 жылы Ақтау қаласында «Самұрық-Қазына» ЖМҚ Каспийлік жобаны «жасыл» технологияны пайдалану арқылы жүзеге асырады

«Ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  2014 жылы Ақтау қаласында  тұрғын үй мен әкімішілік ғимараттар құрылысы, бизнес-құрылымдар, әлеуметтік-мәдени нысандарды «жасыл» технологияны пайдалану арқылы Каспийлік жобаны жүзеге асыруды бастауды жоспарлауда», - деді М. Жолдасов.

Оның айтуынша, аталмыш жобаның туындауына  Каспий өңірінде алдыңғы қатарлы технологиялардың интеграцияланған көпфункциялды орталығын құру бойынша «Каспий энергетикалық хабы» жобасы түрткі болды.

Сонымен қатар жылжымайтын мүлік қоры биыл алғаш рет алдыңғы қатарлы экологиялық және энерготиімді технологияларды қолдану арқылы Астанадағы «Жасыл орам» әкімшілік-тұрғын үй кешіні құрылысы жобасын іске асыру арқылы «жасыл» технологияны дамытуға қатысады және аталмыш жоба «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуде де таныстырылады.

«Осы теңдессіз жоба негізінде жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй құрылысында «жасыл» инновациялық шешімдерді енгізу мәселесінде жұмыс нәтижелігі мен қамтуын жетілдіреді. Тұжырымдама Қазақстанда алғаш рет LEED - Leadership in Energy and Environmental Design халықаралық стандарты бойынша сертификатталатын алдыңғы қатарлы алдыңғы қатарлы энерготиімді және экологиялық қолдануға жағдай жасайды», - дейді М.Жолдасов.

Оның айтуынша, нысан аумағында тұрғын үй, кеңсе ғимаратары, қонақ үй мен әлеуметтік-мәдени нысандары салынады. Алдын ала болжау бойынша, құрылыстың жалпы аумағы 200 мың шаршы метрді құрайды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды