- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Парламентінің Мәжілісі 10 заң жобасын қарап, мақұлдады
ҚР Парламентінің Мәжілісі 10 заң жобасын қарап, мақұлдады
Атап айтар болсақ, сот-құқықтық заңнама реформасы комитетінде «Жеке детективті қызмет туралы» ҚР заң жобасы қаралып жатыр.
«Заң жобасының мақсаты өздерінің заңды мүдделерін қорғау бойынша азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ҚР-дағы жеке детективті қызмет институтының құқықтық негізін құру болып табылады. Заң жобасын қарау барысында депутаттар тарапынан алдағы уақытта да жетілдіруді талап ететін концептуалды өзгерістер енгізу ұсынылды. Депутаттар жеке детективті қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды реттейтін нормалар бойынша жеке детективтің құзіретін кеңейту бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды», - дейді комитет төрағасы Рахмет Мукашев.
Мәжілістегі отырыс барысында «Жеке детективті қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын дайындау мерзімі бекітілді.
Сонымен қатар пленарлы отырыста «2008 жылғы 12 желтоқсандағы тарифтік жеңілдікті қабылдау механизмі мен шарттары туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.
Хаттамамен енгізілген түзетулер Кедендік одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ауыл шаруашылық тауарлардың жекелеген түрлеріне тарифтік жеңілдік көлемін анықтауда халықаралық әріптестік аясында реттеуге мүмкіндік береді, деді ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық байланыс, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.
«Аталмыш хаттаманың мақсаты – Еуразиялық экономикалық комиссия келісімі нормаларымен сай жеңілдікті қабылдау механизмінің жетістігі туралы келісім нормасын қабылдау болып табылады», - деді комитет төрағасы.
Сонымен қатар, Мәжіліс «Екінші деңгейлі банктерді қайта құру бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы