- Басты
- Жаңалықтар
- С.Ахметов ИЖТМ, МГМ мен «ҚазМұнайГазға» геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге инвестициялық қызығушылықты арттыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды
С.Ахметов ИЖТМ, МГМ мен «ҚазМұнайГазға» геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге инвестициялық қызығушылықты арттыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды
«Мемлекет басшысы геологиялық барлау саласында Қазақстанның әлемдік деңгейге шығу қажеттілігін баса айтты. Оның айтуыша, көмірсутекті ресурс қазақстандық экономиканың жүйе қалыптастырушы элементі болып табылады. Бұл әсіпесе қазіргі таңда өте өзекті. Өйткені көптеген өндіріс орындары қазіргі таңда өздерінің өндірістік шыңдарына жетті. Мұнай кен орындарының жартысына жуығы, яғни 200-і өздерінің максималды өндіріс қуатына жетті», - деді Үкімет басшысы.
2013 жылы «ҚазМұнайгаз» геология-геофизикалық жүйелендіру мен сараптама жұмыстарын аяқтады. Жалпы, Қазақстан бойынша геологиялық барлаудың басым бағыттары анықталды. Аталмыш бағыттағы жұмыстар көмірсутекті шикізаттың өсімін 10 млн тонна мұнайға дейін жеткізді.
«Осыған қарамастан геологиялық барлау көлемін арттыру жұмыстары тұрақты түрде қызмет етуі керек. Соның ішінде барлау мен дайындау процестерінің тиімділігін арттыру қажет. Сонымен қатар замаануи геологиялық геофизикалық әдістерді қолдану қажет», - деп нақтылады.
Оның айтуынша, бұл жұмыстарды Каспий маңы ойпатының терең горизонтын барлауды іске асырумен сабақтастыру керек.
«Осы жұмыстарды өткізудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге инвестициялық қызығушылықты арттыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деп бұйырды Үкімет басшысы.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді