- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Исекешев: ШҚО-да екінші бесжылдық аясында ТҰК-дан кемінде 5 жоба іске қосылады
Ә.Исекешев: ШҚО-да екінші бесжылдық аясында ТҰК-дан кемінде 5 жоба іске қосылады
«Қазірдің өзінде облыста «Рено-Ниссан» автомобиль құрылысынан, металлургия саласында әлемдік көшбасшылардың бірі «Posco»-дан және геологиялық барлау бойынша «Рио Тинто»-дан жобалар іске асырыла басталды», - делінген ҚР Индустрия және жаңа технология министрлігінің хабарламасында.
Бүгін вице-премьер жылына 120 мың автокөлік шығаратын қуаттылыққа ие толықциклді автозауыттың құрылысы және автобөлшектер шығаратын технопарк құрылысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, жобаны «Азия-Авто Қазақстан» компаниясы «Рено-Ниссан» альянсымен бірігіп іске асырылуда.
Жобаның құны 74,5 млрд теңге, соның 14,5 млрд теңгесі компанияның өз қаражаты болса, қағаны қарызға алынған қаражат. Нысанды келер жылғы пайдалануға беру жоспарланған. Онда шамамен 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады. Шығарылған өнімнің жартысы шет елге экспортталмақ.
Трансұлттық компаниялар тарапынан қолға алынған тағы бір инвестициялық жобаны «ПОСУК Титаниум» ЖШС іске асырады. Аталмыш жобаны жергілікті титан-магний комбинаты корейлік әріптестермен бірігіп атқаруда. Жобаның құны 7,384 млрдтеңге. Оған қаржы құйған компаниялар «POSUK Titanium», «POSCO Co.Ltd», «Kolur Holding AG» және «БКТҰК» АҚ.
Жобаны бастаушылардың айтуынша, зауыт 2016 жылы іске қосылады. Кәсіпкерлік жылына 4,1 мың титан прокатын шығарады. Бұл ішкі сұраныстың 60% құрайды.
«Біздің байқауымызша, тікелей тартылған шет елдік инвестиция себепті күшейіп келе жатқан әлемдік бәсекелестік инвесторларды тартуда жаңа ізденістерді талап етеді. Оның өзінде тек инвестициялық климатты жақсартып қана қоймай, трансұлттық компаниялар арасынан инвестор компанияларды тарта білу қажет. Ол үшін Үкіметте инвесторлар үшін жаңа құжаттар пакеті дайындалуда», - дейді Ә.Исекешев.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері