• Басты
  • Астанада тұрғын үй құрылысында «жасыл» технологияны қолдану бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойылды
25 Ақпан, 2014 11:51

Астанада тұрғын үй құрылысында «жасыл» технологияны қолдану бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 6 ұйыммен арада инновациялық даму бойынша тұрғын үй құрылысында «жасыл» технологияны қолдану бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Астанада тұрғын үй құрылысында «жасыл» технологияны қолдану бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойғандар «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Astana Solar» ЖШС, «ECODOS engineering» ЖШС-де таныстырылған «ECODOM» Қазақ-Ресей Консорциумы, сонымен қатар С.С.Кутателадзе атындағы Жылуфизика институты (Новосібір), «Экодом» АҚБ (Новосібір), «Қазақстандық ТКШ жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ, «KazGBC «жасыл» экономика бойынша қазақстандық кеңес» кеңесі мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.  

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарушы директоры Мұқан Жолдасовтың айтуынша, меморандум аясында ұйымдар тұрғын үй құрылысында инновацилық, энерготиімді, экологиялық технологиялар жұмысында әріптестік танытуға мүдделі, сонымен қатар аталмыш мәселер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына да қатыспақ.

Сонымен қатар, М.Жолдасов жоспарланған біріккен қанатқақты жоба туралы да айтты.

«Экоүйдің қанатқақты жобасы көпқабатты үйлерге алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға мүмкіндік беріп, оның артықшылықтарын танытып, ғылыми-зерттеу жұмыстарында біріккен жобаларды іске асыруға жол ашады», - дейді М.Жолдасов.

С.Кутателадзе атындағы Жылу физика институты директоры Сергей  Алексеенконың айтуынша, Сібір мен Қазақстанның солтүстігінің табиғи және климаттық жағдайлары ұқсас. Сібірдің алдыңғы қатарлы ғылыми әлеуеті болса, Қазақстан осы жобаларды іске асыруға ыңғайлы климатқа ие.

«Менің ойымша, біздің альянс шын мәніндегі инновациялық жобаны құрып, бұл өнім халық тарапынан қолдау табумен шектелмей, әлемдік деңгейде қызығушылық тудырады», - дейді С. Алексеенко. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды