- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Астанада мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, конференция жұмысына Әуе қорғанысы күштерінің басшылық құрамы, ҚР Қарулы Күштері авиациялық бөлімдерінің командирлері, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері комитеті авиациялық қызметтерінің, Бас әскери прокуратура және Азаматтық авиация комитетінің өкілдері қатысты. Аталған шарада ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті проблемалық мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік авиация жүйесі қызметінің сенімділігін жоғары деңгейге жеткізу жолдары қаралып, кеңінен талқыланды.
Конфернцияға қатысушылар мемлекеттік авиацияның апаттық көрсеткіштерінің қазіргі уақытта жоғары деңгейде қалып отырғанын, ұшулар қауіпсіздігі жай-күйінде түбегейлі өзгерістердің бола қоймағанын атап өтті.
Жиында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшулар қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасының бастығы полковник Мұрат Қажымұратов баяндама жасап, қатысушыларға 2013 жылы орын алған авиациялық оқиғалардың негізгі себептерін жеткізді. Сонымен қатар, ол авиациялық оқиғалардың алдын алу жөніндегі сапалы жұмысты ұйымдастыру бойынша берілетін нақты ұсыныстарға тоқталды. Бұл ұсыныстар барлық басқару органдары мен авиациялық бөлімдерде іске асырылуы тиіс.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының құрамына Қарулы Күштердің, Шекара қызметінің, Ішкі әскерлердің барлық авиациялық құрамалары мен бөлімдері енеді. Ол еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі ең жоғары технологиялы, жауынгерлік әзірлігі жоғары, ұтқыр құрал болып табылады.
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері