- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да ҮИИД МБ аясында 28 жоба жүзеге асырылды
СҚО-да ҮИИД МБ аясында 28 жоба жүзеге асырылды
«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында мемлекеттің экономикасының дамуында «инновациялық индустрияландыруды» нығайтуға басымдық берді. 2010 жылдан бастап елімізде 2015 жылға дейін ел экономикасының дамуының басты бағыттарын анықтап беретін ҮИИД МБ жүзеге асырылып келеді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда біздің облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілері де атсалысты»,- деп СҚО әкімі Самат Ескендіров хабарлады.
Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, бүгінде Индустрилизация картасына облыс бойынша 38 млрд. теңгенің 31 жобасы енгізілген. Оның 28 қазіргі таңда іске қосылып қойған. Жалпы, жобаларды жүзеге асыруда құрылыс жұмыстарына 1818 адам тартылса, нысандар пайдалануға берілген соң 1894 солтүстікқазақстандыққа тұрақты жұмыс орны ашылады.
Іске қосылған жобалардың ішінде Петропавлдағы ауыр машинақұрылысы зауытын атап өтуге болады. Ол энергетикалық қазандықтардың жабдықтарын жасайды және бұған дейін Қазақстанда мүндай зауыт болмаған. Сонымен қатар, «Молпродукт» ірі сүт зауытын назардан тыс қалдыруға болмайды. Ол сүт өнімдері мен құрамында шырыны бар сусындарды даярлайтын заманауи технологиялармен жабдықталған, оның өнімінің 30% экспортқа шығарылады.
Айта кетерлік жайт, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың төрт жылдық қорытындысы бойынша облыс экономикасында жақсы көрсеткіштер байқалады. Өнеркәсіптік өндірісте өсім тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, жылына орташа есеппен 4-5% құрады. 2013 жылы өнеркәсіптік өнімдер 152 млрд. теңгеге өндірілді, 2012 салыстырғанда 5,1%-ға артты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді