- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да жаңа энергия мен «жасыл» экономика институтын құру жоспарлануда – А.Соспанова
ҚР-да жаңа энергия мен «жасыл» экономика институтын құру жоспарлануда – А.Соспанова

«2014 жылға бізде белгіленген мақсаттар бар. Соның аясында біз биыл «жасыл» экономиканы қолға алмақшымыз. «Жасыл» экономика тұжырымдамасын іске асырып, жекелеген бастамаларды да назардан тыс қалдырмаймыз. Атап айтар болсақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сай экологиялық транспортқа өту шарттарын құру болып табылады. Осы мақсатта біз тиісті өзге де мемлекеттік органдармен, компаниялармен жұмыс істейтін боламыз. Бұл жаңа энергетика мен «жасыл» экономика институтын құру. Мұндай ғылыми-зерттеу институтын құру «жасыл» экономиканың жекелеген секторлары, жаңа энергетика бағыттары бойынша әлемдік негізгі трендтерге еріп отыру үшін керек. Бұл өз кезегінде «жасыл» экономиканың түрлі секторларында қарқынды дамуға жол ашатын халықаралық ғылыми кадрларды тартуға мүмкіндік береді», - дейді А.Соспанова.
Департамент директорының айтуынша, жаңартылмалы қуат көздерін құру бойынша да көптеген шаруа атқару қажет.
«Біз жаңартылмалы қуат көздері саласында саясатты дайындайтын құзіретті орган болатындығымыздан біздің қолымызда компаниялар мен инвесторларды тартып мемлекеттік органдардың келісімімен қазіргі таңда дайындап жатқан заң мен заңнамалық актілер бар. Осыны бітіргеннен кейін біз жаңартылмалы қуат көздері бойынша нақты ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Аталмыш бағыттағы жұмыстар 2014 жылдан бастап өз нәтижесін береді деп күтудеміз», - дейді А.Соспанова.
Оның айтуынша, биыл алғаш рет 50-70 мегаваттық қуатқа ие ірі жобалар іске қосылмақ.
«2014жылы алғаш рет 50-70 мегаваттық қуатқа ие ірі жобалар іске қосылады. Бұлар еліміздегі алғашқы күн қуатынан энергия өндіретін қондырғылар мен жел қондырғылары. 2011-2013 жылдары 2-3 мегаватт қуаттылыққа ие шағын қанатқақты жобалар іске асырылса, енді биыл 50-70 мегаваттық қуатқа ие ірі жобалар іске қосылмақ», - деп сөзін түйіндеді департамент директоры.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері

