• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев пен В. Путин телефон арқылы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

Н. Назарбаев пен В. Путин телефон арқылы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

25 Ақпан, 2014 09:30
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ақордада хабарлағандай, әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Сочидегі XXII қысқы Олимпиадалық ойындардың табысты өтуімен құттықтады.

Барлық жаңалықтар