- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдау акциясы өтті
СҚО-да «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдау акциясы өтті
Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, акцияға 508 адам қатысқан. Оның ішінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен колледж студенттері, ҚР ІІМ Ішкі әскер әскери институты курсанттары, аудан делегаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, жастар ұйымы жетекшілері қатысты.
«Мәңгiлiк Ел» бір жағынан тәуелсіздігімізді сақтайтын, екінші жағынан еліміздің әлемдегі алдыңғы қатарлы 30-дыққа енуіне серпін беретін қоғамның азаматтық қуатының бірігуіне негіз болуы керек», - дейді өңір басшысы Самат Ескендіров.
Облыс әкімі қатысушылардың барлығын патриоттық форумның ашылуымен құттықтап, Мемлекет басшысының қазақстандық жастарға ерекше көңіл бөлетінін айтып, олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда белсенді ат салысуға шақырды.
Акция аясында «Мәңгілік Ел» тілек кітабы дайындалды. Оның беттеріне солтүстікқазақстандықтар ұлттық идеяны қолдап өз ойларын жаза алады. Айта кету керек, кітапқа алғаш болып пікір қалдырған ақын Олжас Сүлейменов пен қазақстандық кино өнерінің саңлағы Асанәлі Әшімов болды. Жасұландықтар көшбасшысы Рүстем Есенбергенов пен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Екатерина Жукова форумға қатысушылар атынан тілектерін жазды. Енді кітап эстафета заңдылығы бойынша Қызылорда облысына беріледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті