- Басты
- Жаңалықтар
- Британтық кәсіпкерлерге ҚР Президентінің Жолдауы таныстырылды
Британтық кәсіпкерлерге ҚР Президентінің Жолдауы таныстырылды
Телеарнаның ресми сайтының хабарлауынша, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастырған тұсаукесер рәсіміне 60-тан астам британдық компанияның өкілдері қатысты. Шараның басты тақырыбы қазақстандық экономикада британдық кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жобалар мен бағыттар болды.
Қазақстандық-Британдық іскерлік кеңестің жетекшісі сэр Дэвид Вуттонның айтуынша, форумның рекордтық деңгейіндегі қатысушылар саны Қазақстандағы бизнестің дамуы мен инвестициялауына британдық қауымдастық тарапынан қызығушылықтың жоғары екенін байқатты.
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің қазақстандық өкілдігінің директоры Джанет Хекман қазақстандық экономиканың дамуына қаржылық институттарың белсенді қатысуын атап өтті. Оның айтуынша, әріптестіктің 20 жылында банк Республикаға шамамен 6 млрд доллар көлемінде инвестиция салған.
«ЕҚДБ-нің Қазақстандағы стратегиялық жоспары елдің 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын іске асырумен тікелей байланысты. Бірінші кезекте біздің инвестиция ұлттық экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен өңірлік жобаларға бағытталған. Менің пікірімше, бүгінгі тұсаукесер рәсімі Қазақстанға жаңа инвесторлардың көз салуына септігін тигізеді. Британдық капитал инфрақұрылым, автокөлік пен темір жолы, әуежай мен ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады», - дейді Джанет Хекман.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары