- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімі Н. Назарбаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады
Астана әкімі Н. Назарбаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады
Ақордада хабарлағандай, И.Тасмағамбетов елорданың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен таяу кезеңдегі перспективалары туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы Астана экономикасында өнеркәсіп көлемінің өсімі байқалатынын және жұмсалған қаражат қазірдің өзінде елорданың бюджетіне қайтарылып жатқанын атап өтті. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары мен қонақтары үшін оның қолайлылығы мен жайлылығын арттыруға бағытталған қаланы дамыту жобаларының одан әрі іске асырылуына назар аударды.
Кездесу барысында Астана әкімі құрылыс саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2013 жылы бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, И.Тасмағамбетов биыл қалада үш ауысыммен оқытуды жою жоспарланып отырғанын, ал 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынатынын айтты. Сондай-ақ, өткен жылы 78 мыңға жуық адам елордаға түпкілікті қоныстану үшін көшіп келгені атап өтілді.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады