• Басты
  • Астанада парниктік газдар шығарындыларын түгендеу, верификациялау және квота алу тақырыбы талқыланды
24 Ақпан, 2014 16:45

Астанада парниктік газдар шығарындыларын түгендеу, верификациялау және квота алу тақырыбы талқыланды

Астанада «Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу, верификациялау және квота алу» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. Семинарды «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы, Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, «Consus Kazakhstan» компаниясы мен Климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі Қазақстандық бағдарламасы (USAID) бірлесіп ұйымдастырды.
Астанада парниктік газдар шығарындыларын түгендеу, верификациялау және квота алу тақырыбы талқыланды

Семинар аясында «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор    Бақыт Есекина қатысушыларды республикадағы «жасыл» экономиканы дамытудың жай-күйі мен келешегімен таныстырды. ҚР ҚОСРМ төмен көміртекті дамыту департаментінің директоры Гүлмира Серғазина парниктік газдардың шығарындыларын мемлекеттік  реттеудің ұлттық жүйесін қалыптастыру барысы жөнінде мәлімдеді. 

Семинар тыңдаушылары  парниктік газдарды түгендеудің негізгі принциптері және әдістемелерімен, жылдық есеп беру мен қондырғылар паспорттарын әзірлеумен, шығарындыларды түгендеуді верификациялау және квота алу тәртібімен танысты. Бұл жөнінде Климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстап тұру жөніндегі қазақстандық бағдарламасы (USAID) мен «Consus Carbon Ingineering» (Польша) компаниясының сарапшылары баяндады. Практикалық сабақтар барысында парниктік газдарды түгендеу бойынша есеп дайындау және дәлелсіздіктерді есептеу, іс-шаралар әзірлеу мәселелері қаралды. Сонымен бірге семинарда «Intecracy Group» (Украина) компаниясының өкілдері мониторинг жоспарын электрондық форматта әзірлеу және парниктiк  газдардың бөлінділерін есептеу бойынша тәжірибесімен бөлісті.Оқу қорытындысы бойынша семинар қатысушыларына сертификаттар тапсырылды. 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды