- Басты
- Жаңалықтар
- Қазғарыш пен Мемагенттік Қырғыз Республикасымен бірге KazSat жер серігін жалға беру мәселесін талқылауда
Қазғарыш пен Мемагенттік Қырғыз Республикасымен бірге KazSat жер серігін жалға беру мәселесін талқылауда
«Кездесу барысында Тараптар 2013 жылғы 1 қарашада Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 4-ші отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысын талқылады», - деп Қазғарышта хабарлады.
Естеріңізге салайық, аталған 4-ші отырысында Қазақстан тарапы қырғыз жағына Қазақстанның KazSat ғарыштық байланыс аппараттарын Қырғыз Республикасының телекоммуникациялық саласында бірлесіп пайдалануды, соның ішінде KazSat отандық байланыс және геостационарлық серігінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларды жалдау үшін ынтымақтасуды қарастыруды ұсынды.
Мәселен, бүгінгі күні Қазғарыштың қарамағындағы ұйымы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) қырғыз тарапының өкілдерін «Ақкөл» жерүсті басқару кешені мен «Алматы» резервтік жерүсті басқару кешені объектілерімен таныстырып, сондай-ақ Қазақстанның ғарыштық байланыс инфрақұрылымының техникалық мүмкіндіктерін көрсетті.
Кездесудің нәтижелері бойынша Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруға келесті. Нақты айтқанда, келесі туралы уағдаласты: Қырғыз тарапы Қырғыз Республикасының жиіліктің Ku-диапазондағы әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыштық аппараттардың транспондерлік сыйымдылығын жалға алу қажеттіліктерін, сондай-ақ «KazSat-2» ҒА спутниктік сыймдылығын жалға алу мен өзара тиімді шарттарда «KazSat-3» ҒА ресурстарын пайдалану перспективаларын қарастырылады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды