- Басты
- Жаңалықтар
- 2019 жылға қарсы Қазақстанда жылына 200 мың автоөлікті құрастыру және жасау жоспарлануда - А.Рау
2019 жылға қарсы Қазақстанда жылына 200 мың автоөлікті құрастыру және жасау жоспарлануда - А.Рау
«Автокөлік өндірісі бойынша нақты өлшемдерді білеміз. Сонымен, келесі бесжылдыққа қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар жоспарлануда. Біз 2019 жылы жылына 200 мың автокөлікті құрастырып, өндірмекпіз. Бұл шынымен өндіріс болады, себебі 2017 жылға қарай құрастыруды 50%-ға азайтыумыз керек. Біріншісі - жобаларды іске қосу, екіншісі - жекеменшік құрамдас базаны дамыту арқылы оқшаулау кеңістігін кеңейту. Бүгінде мұндай үрдіс біздің елімізде бар, сонымен қатар бізде ірі ойыншыларды тарту және экспортқа қолдауда жоқ емес», - деп А. Рау хабарлады.
Жалпы, оның айтуынша, екінші бесжылдықта машина құрылысының барлық бағыттарын дамыту көзделуде.
«Екінші бесжылдықтағы машинақұрлысының барлық секторына басымдық берілетін болады. Ағымдағы бесжылдықта жақсы көрсеткіш көрсеткен теміржол машинасының құрылысы бірінші қатарда. Мұндай өсім келесі бесжылдықта да болады. Яғни, күні бүгінге дейін іске қосылған кәсіпорындар өздерінің өндіріс көлемін көбейтеді және бір уақытта машинаны құрастыруды азайтады», - деді бірінші вице-министр А. Рау.
Оның айтуынша, қара және түсті металлургия, ҚР Президенті бұйырғандай, мұнай-газ саласымен бірге екінші бесжылдықтың негізгі өнеркәсібіне айналады.
«Металлургия бойынша негізгі көрсеткіштерге ағымдағы бесжылдықта жеттік. Келесіде де осы бағытта жұмыстар атқарылып, соның ішінде минералды шикізатты тереңдету мен қайта өңдеуді көбейту шаралары қолға алынбақ. «АрселорМиттал Теміртауға» жылына 6 млн болат шығару тапсырмасы беріліп, келесі деңгейге өтуде әлемдік нарықтағы шиеленісті жағдай ескеріліп, нәтижесінде бағдарламада аздаған кідіріс орын алды. Келесі бесжылдықта шағын металлургия дамиды. Және де шойын өндірісі, арматура покаты, құбыр өндірісі мен темір-рудалық жоғары сапалы шикізатқа баса назар аударылады. Түсті металлургияда қолда бар көлем бекітілген. Мысты алатын болсақ, Ақтоғай-Башакөз комбинатын іске қосу, Жезқазғанның қалыпқа келтірілуі, алюминий өндірісінің артуы, өндірісі мен өңделуі күн тәртібінде. Сонымен қатар, алтын өндірісі мен өңдеу жұмыстары да назардан тыс қалмақ емес. Президенттің айрықша тоқталғандарының бірі - сирек металдар өндірісі болатын», - дейді А.Рау.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді