- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысындағы агрофирма балалар үйін қамқорлыққа алады
Ақмола облысындағы агрофирма балалар үйін қамқорлыққа алады
Ақмола облысында «TNK» агрофирмасы Есіл балалар үйінің тәрбиеленушілерін кәсіби тәжірибеден өтуді ұйымдастырып, стипендия төлеп оқу ақысын төлей отырып кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарында қажетті мамандықтарға оқыту бойынша патронажға алады.
Сонымен қатар, облыс әкімдігінің хабарлауынша, алдағы уақытта ынталандырудың бірқатар түрімен, атап айтар болсақ алғашқы көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй алып беру арқылы «TNK» агрофирма кәсіпкерліктерінде жұмыспен қамту бойынша кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарында оқыған балалар үйінің түлектерімен келісімшарт құрылатын болады. Осы сынды өзге де мәселелер Степногор балалар үйінің базасында өткен облыстық семинар барысында әлеуметтік әріптестер мен балалар үйі жетекшілері тарапынан талқыланды.
Айта кету керек, Ақмола облысы «Түлектердің өмірі мен еңбек мансабын жоспарлау» қанатқақты жобасы іске асырылған елдегі сегіз облыстың бірі. Онда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жүйелі қызмет арқылы түлектерге қолдау көрсету қарастырылған. Интернаттық мекемелердің аудан және қала әкімдіктерімен, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту координациясы органдарымен, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпкерліктермен, оқу орындарымен, үкіметтік емес ұйымдармен балаларға әлеуметтік-патронатты қолдау көрсету бойынша өзара әріптестік туралы меморандумға қол қоюмен жалғасын тапқан өзара ынтымақтаса жұмыс істеуі нәтижелі болмақ.
ҚР БҒМ мәліметінше, қазіргі таңда республика көлемінде 35 мыңдай жетім бала тіркелген. Солардың 31 пайызы интернат мекемелерде. Ақмола облысында үш мыңдай жетім бала болса, солардың 26 пайызы интернаттарда.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады