- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік ел» - ата-бабамыздың асыл арманы – С. Рамазанова, оқушы
«Мәңгілік ел» - ата-бабамыздың асыл арманы – С. Рамазанова, оқушы
24 Ақпан, 2014 11:33
«Мәңгілік ел» ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдардан бергі асыл арманы, деді Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сана Рамазанова Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында.
«Менің ойымша, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – арман-тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшатын, ұрпақтары ертеңіне сеніммен қарайтын ел болуы керек. Соның мақсатында болашаққа жоспарланған «Мәңгілік Ел» жобасы қазіргі кезде іске асырыла бастады», - деді Сана Рамазанова.
Сондай-ақ, ол бұл жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасын әлем халықтары арасында 30 дамыған елдердің қатарына қосу екендігін де айта кетті.
«Мен бұл жобаны қолдаймын. Себебі 2050 Стратегиясында біздің елімізде экономика, медицина және білім салалары дамиды. Біз жаңа сатыға көтерілеміз. «Мәңгілік Ел» жобасы арқылы біз ата-бабаларымыздың армандарын ақиқатқа айналдырып, «Мәңгілік елдің» іргетасын қалауда үлкен рөл атқаратын боламыз», - деді С. Рамазанова.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда