- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның ішкі нарығына үзіліссіз газ жеткізу сұрақтары талқыланады – ҚР МГМ
ҚР-ның ішкі нарығына үзіліссіз газ жеткізу сұрақтары талқыланады – ҚР МГМ
«Ағымдағы жылдың 27 қаңтары күні Премьер-Министрдің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Министрлікке газ саласының даму тұжырымдамасын дайындау тапсырылған болатын. Оның құрамына ішкі нарыққа үзіліссіз газ жеткізу, көліктік-газ жүйесінің кешенді дамуы, газ, мұнайды өңдеу, төменгі газ саласын дамыту енеді», - деді А. Оспанов.
Оның айтуынша, 2014 жылдың 14 ақпанында Министрдің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс обы құрылған болатын. Оған қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қатысты.
«Қазіргі таңда министрлік тарапынан газ саласын кешенді дамытудың белсенді жұмыстары жүргізілуде. Тұжырымдама жобасында 2050 жылға дейінгі кезеңде республика өңірлері мен кен орындарында газ өндірудің ұзақмерзімді балансын сараптау мен дайындау жұмыстары қарастырылған. Газ балансы жобасы жаңа кен орнын енгізу есебінен республиканың кен орындарын игерушілердің мәліметтері негізінде құрылады», - дейді А.Оспанов.
Сонымен қатар, Үкіметтің тапсырмасымен МГМ газдандырудың бас жоспарын дайындауда.
«Газдандырудың бас схемасы жобасы тиісті мемлекеттік органдар және облыс әкімдіктерімен келісілген өңірлік газдандыру схемасы негізінде дайындалды. Алдағы уақытта тиісті мемлекеттік органдар және облыс әкімдіктер қатысуымен ведомствоаралқы комиссия отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін біз Бас схема жобасын тиісті мемлекеттік органға қарауға жібереміз», - дейді А. Оспанов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы