- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО кәсіпкерлері ел Президентінің үндеуіне үн қатты
ШҚО кәсіпкерлері ел Президентінің үндеуіне үн қатты
Осындай жауапты қадам арқылы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері ұлт Көшбасшысының ұстанған елдегі қаржылық тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатын қолдады, дейді ШҚО Ақпараттық орталығы.
Кәсіпкерлер ұлттық валюта курсының түзетілуі мен елдегі макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған шараларға түсіністікпен қарап, теңге курсының түзетілуі отандық өндірістің, инвестиция ағымының, жұмыспен қамту деңгейінің, осылардың нәтижесі ретінде халықтың әлеуметтік ахуалының артуына оң ықпалын тигізетініне сенімді.
Өткен жылы өңірдегі салаларға көрсетілген мемлекеттік қолдау 50 млрд теңгеден асты. Осындай ірі көмекке қол жеткізе отырып агрария мен кәсіпкерлер Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы және 14 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларын орындауды өздерінің борыштары деп біледі.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік маңызын түсінген Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық құрылымдар мен шағын және орта кәсіпкерлік жетекшілері Қазақстан Республикасы Президентінің жалақыны 10% көтеру туралы тапсырмасын қолдап, бұны өз кәсіпкерліктерінде жүзеге асыруды көздеп отыр. Сонымен қатар барлық Қазақстан бойынша кәсіпкерлік иелерін осы үндеуге үн қатыуға шақырып, елдің әлеуметтік өркендеуіне ат салысуға шақыруда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері