- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғандағы күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь жұмысын бастады
Талдықорғандағы күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь жұмысын бастады
Бұл мекемеде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Сардарлар мен сарбаздарға сапалы ем жасау үшін госпитальде хирургия, анестезиология және реанимация, терапия және жұқпалы аурулар бөлімшелері жұмыс істейді.
1973 жылы ашылған 100 орындық әскери госпитальге күрделі жөндеу жұмыстары кезінде үй-жайларға әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі заманғы медициналық құрылғылар сатып алынды.
Осының арқасында әскери дәрігерлерге қаралушылар үшін жағдай барынша жақсарып отыр. Білікті және мамандандырылған жәрдем көрсету мақсатында госпиталь «Aloka SSD» ультрадыбысты аппаратымен, «Apollo» рентген аппаратымен, «Pentax» бейнеэндоскопиялық жүйесі және бейнегастрокопымен және «Ellips» эндобейнестойкасы сынды замануи құрылғылармен жарақтанған.
Сондай-ақ, күрделі жөндеуден өткен әскери госпитальде интенсивті және реанимациялық жәрдем көрсететін реанимация және интенсивті терапия бөлімшесі ашылды.
Талдықорған гарнизонындағы әскери госпитальдің әскери-медициналық қызметкерлері ем алушыларға хирургиялық, гинекологиялық және терапиялық жәрдемдердің барлық түрін жасайды, Сонымен қатар, бұл жерде әскери қызметшілерден өзге азамаматтық персоналға да сапалы ем көрсетіледі.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Елордадағы эпидахуал күрделі -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады -
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады