- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметінде әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мәселесі талқыланды
ҚР Үкіметінде әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мәселесі талқыланды
Күн тәртібінің негізгі тұсы еңбек кикілжіңдерінің алдын алу мен сақтандыру мәселелерін талқылау болды. Бұл мәселе бойынша ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімшіліктері басшылары сөйледі.
«Мемлекет басшысы таяуда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлемдік экономикаға қарай бағыт алу ағымын және ішкі жағдайларды есепке алып, елімізде макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша сақтандыру шараларын жүзеге асыру міндетін қойды»,-деді Б.Сағынтаев кеңесті аша отырып.
Өз кезегінде, Б.Сағынтаев бюджеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің өсірілуі ғана емес, квазимемлекеттік және жекеменшік секторлар жұмыскерлерінің еңбек ақыларының арттырылуы да қарастырылатынын атап өтті.
«Президент ірі тау-кен және металлургиялық кәсіпорындар, мұнай-газ және ұлттық компаниялар басшыларына өндіріспен айналысатын жұмыскерлердің жалақысын 10 пайызға көтеру жөніндегі бастамалық сөзін арнады. Біз үш жақты комиссия ретінде Мемлекет басшысының бұл бастамасын жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуымыз керек»,-деді бірінші вице-премьер.
Тамара Дүйсенова келтірген дерекке қарағанда, бүгінгі күнге елімізде еңбек ақы бойынша қарыз өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 27 пайызға кеміген, өндірісте жазатайым жағдайға ұшырау саны азайғаны байқалады.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары Б.Сағынтаев өткен жылдың басынан бері шыққан еңбек кикілжіңдерінің жартысына жуығы еңбек ақыны уақытында төлемеу себебінен болғанын атап көрсетті.
«Бүгінгі күнге еңбек дауларының алдын алу мен одан сақтандыру тетіктерінің ойдағыдай жетілмеуі, әлеуметтік-еңбек кикілжіңдерін арандатудың құқықтық жауапкершілігінің төмендігі проблемалары әлі де қалып отыр»,-деп атап өтті Б.Сағынтаев.
Орын алып отырған проблемаларды шешу мақсатында кәсіподақтар қызметін жақсартуға, әлеуметтік-еңбек кикілжіңдерін шешу мен әлеуметтік шиеленістерден сақтандыру бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыруға бағытталған, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңының жобасы дайындалды.
Отырыс қортындысы бойынша Б.Сағынтаев борыштарды өтеу және тұтастай алғанда еңбек ақы төлеу мәселелерін шешу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Облыс әкімшіліктеріне өңірлердегі жағдайларға ашық та тұрақты мониторинг ұйымдастыруды, мүмкін еңбек кикілжіңдерінің уақытында алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау