- Басты
- Жаңалықтар
- Бірыңғай делдал арқылы дәрілерді сатып алу 27 млрд теңгеге жуық қаражатты үнемдеді - Ш.Ахмет
Бірыңғай делдал арқылы дәрілерді сатып алу 27 млрд теңгеге жуық қаражатты үнемдеді - Ш.Ахмет
«Бірыңғай делдалдың жұмысы бюджет қаржысын үнемдеуге бағытталған. 2009-2014 жылдар аралығында Бірыңғай делдал сатып алу бойынша жалпы үнем 27 млрд. теңге шамасында болды. Бұл қаржы еліміздің бюджетінде қалды. Медициналық ұйымдар үнемделген қаржыны қосымша дәрілерді сатып алуға немесе өзге де бекітілген шығындарға жұмсай алады», - деді Ш. Ахмет.
Жалпы, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының айтуынша, 2011 жылдан бастап 18,5 млрд. теңгеге қосымша тікелей келісім жасалып 3,6 млрд. теңге үнемделді.
«Бірыңғай делдал тапшы дәрілер бойынша сатып алуды әрқашан жүргізіп отырады, яғни бәсекелестік жоқ болған жағдайда зауыттардан тікелей өнімдерін сатып алып, делдалдарды шығарып тастайды. Бұл да Бірыңғай делдалдың жұмыс бағыттарының бірі», - деп ол толықтырды.
Айта кетерлік жайт, «СК - Фармация» ЖШС Үкіметтің қаулысымен медициналық тегін кепілдендірілген көмек аясында дәрілік заттарды сатып алатын және қамтамасыз ететін Бірыңғай делдал ретінде бекітілді.
БД 1 мыңнан астам медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен қамтамасыз етеді және олардың шалғай орналасқан елдімекендерге заманауи жеткізілімін жыл бойы ұйымдастырады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды