Қазақстанда 3,5 мыңнан астам нотариус жұмыс істейді - З.Баймолдина

21 Ақпан, 2014 16:25
Бүгінгі таңда Қазақстанда 3,5 мыңнан астам нотариус жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Әділет министрінің орынбасары Зауреш Баймолдина хабарлады.

«Өткен жылы бізде нотариустар саны артты. Қазіргі таңда 3 мың 351 нотариус жұмыс істейді.  2012 жылы олар  2 мың 828 болған.  Қорғаушылар саны 4 мың 341 құрады, яғни оларда көбейді.  2012 жылы 4 мың 299 қорғаушы болған. Бүгінде қоғаушылар саны 4,5 мыңға жетіп қалды», - деді З.Баймолдина.

Оның үстіне, оның айтуынша, Үкімет нотариустардың қызметіне бірыңғай тариф енгізді, енді міне олар  осы тарифтерге сәйкес жұмыс істейді.

«Қорғаушылардың жалақысы туралы айтсақ, Азаматтық-процессуалды кодекс бойынша олардың қызметіне ақы клиентпен келісіледі. Азаматтық-процессуалды кодекске сәйкес қорғаушы қызметінің ақысы клиенттің пайдасына өндіріліп алған соманың 10% аспауы керек», - деді вице-министр.

 

Барлық жаңалықтар