- Басты
- Жаңалықтар
- Елдің экономикасын дамыту үшін 1 трлн теңге бөлінеді – Н. Назарбаев
Елдің экономикасын дамыту үшін 1 трлн теңге бөлінеді – Н. Назарбаев
Ақордада хабарлағандай, Мемлекет басшысы кеңес барысында еліміздің экономикасын дамыту үшін 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
«Сыртқы қаржыландыру көздерінің біз үшін қолжетімділігі аз және бөлінетін несиелер өте қымбат. Банк жүйесіндегі ішкі резервтер шектеулі, өйткені отандық банктер дағдарыстан енді-енді шыға бастады. Осыған байланысты, өздеріңіз білетіндей, экономиканы, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ елімізде индустрияландыруды жалғастыру мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге мөлшерінде қомақты қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Ол азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды, еңбекақыларын төлеуді қамтамасыз етеді және жалпы тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік тудырады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Ұлттық қордың бұған дейін 2008-2009 жылдары бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде маңызды рөл атқарғанын, сол кезде бұл қордан айтарлықтай қаражат бөлінгенін айтты.
«Сөйтіп, Қазақстан экономикасы қыспақтан құтылды, сол кезде бүкіл әлемде орын алғандай зейнетақының, еңбекақының төмендеуіне жол берілген жоқ. Өздеріңізге белгілі, Еуропаның көптеген елдері әлі күнге дейін еңбекақы, зейнетақы және барлық басқа да төлемдерді азайтып, оның зардабын тартуда. Бүгінгі шешім Ұлттық қор құру жөніндегі біздің қадамымыз дұрыс болғандығын тағы да дәлелдеп отыр. Әлемдік дағдарыс әлі де жалғасып жатқанын ескерсек, мемлекеттің аяқ астынан туындайтын қиын жағдайларға арналған резервтері болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын негізді, нақты жобалар бар екеніне назар аударды.
«Бөлінген қаражат негізінен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталатын болады. Экспортқа сапалы өнімдер шығару жөніндегі жобаларды іске асыру да маңызды. Осыған орай қарыз қаражатын бөлу мәселесімен айналысатын тиісті комиссия құрылатын болады», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы ел азаматтарын әртүрлі арандатуларға еріп кетпей, сабыр сақтауға шақырды.
«Біздің экономикамыз ойдағыдай және ешқандай да күйреу болған жоқ. Елдегі бірде-бір банк бүгінде банкротқа ұшырамайды. Біз 2009 жылы БТА және өзге банктерге қатысты да мұндайға жол берген жоқпыз, себебі оларда азаматтарымыздың салымдары болды. Біз қазір де бұған жол бермейміз. Біз халықтың басым көпшілігінің қаражаты сақталатынына кепілдік береміз. Ал банктер айналысында дүрбелең тудырғандар қазір табылды және жауапкершілікке тартылатын болады. Бәріміз елімізде тыныштық пен тұрақтылықтың болғанын қалаймыз, бұл – барша қазақстандықтардың міндеті. Жоспарлағанымыздың барлығын біз әрдайым орындап келдік», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады