- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин Баку мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті
Н.Нығматулин Баку мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті
«Жүздесу барысында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму болашағы, Елбасының Жолдауы, сондай-ақ, қазақстандық-әзірбайжандық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері назарға алынды», - деп Мәжіліс аппаратында хабарлады.
Нұрлан Нығматулин Қазақстан үшін Әзірбайжанмен қарым-қатынасты достық, татукөршілік және стратегиялық әріптестік деңгейінде дамыту Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыртқы саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Парламент Мәжілісінің заң шығармашылық жұмысы да тілге тиек етіліп, әсіресе, Елбасы Жолдауын тиімді жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларына назар аударылды.
Қос ел байланысының әлеуетіне тоқталған Мәжіліс Спикері мұнай-газ, өндірістік сектор, логистика, ауылшаруашылығы саласында өзара іс-қимылды жетілдіру керектігін алға тартты.
«Біздің бауырлас елдеріміздің сенімді және үдемелі дамуы екіжақты әріптестіктің табысты нығаюы мен біздің елдеріміз арасындағы өзара тиімді интеграцияға тың серпін беретін болады»,- деді Нұрлан Нығматулин.
Жиналғандар Қазақстан Президентінің Жолдауына аса қызығушылық танытты.
«Қазақстан Президентінің Каспий аймағына қатысты мәселелердің барлығын қамтығаны өте маңызды. Меніңше, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына жетеді. Біз сіздердің елдеріңіздің жетістіктері үшін мақтанамыз және алдағы уақытта да игілік пен гүлдену тілейміз»,-деп Г. Әлиев атындағы «Әзірбайжан - Қазақстан» республикалық достық қоғамының президенті Эльдар ағынан жарылды.
Одан әрі Мәжіліс Спикері бірнеше жыл бұрын универиситетте ашылған Абай атындағы қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығы тынысымен танысты. Бұл жерде студенттер барлық танымдық құралдарды пайдалана отырып, адамзат ғұламасы атанған Ұлы Абайдың шығармашылығымен танысады.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты