- Басты
- Жаңалықтар
- Pfizer Алматыдағы клиникалық зерттеулер орталығын дамытуға қатысады
Pfizer Алматыдағы клиникалық зерттеулер орталығын дамытуға қатысады
«Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінде хабарлағандай, компания екі жыл ішінде ҚазҰМУ клиникалық фармакология институтын дамытуға қаржылық және техникалық қолдау көрсетеді. Пациенттерді қабылдауға, деректерді басқаруға, зерттеулерді жоспарлауға және өткізуге оқытуды қоса алғанда, жемісті клиникалық зерттеулерді өткізу үшін қызметкерлерді оқыту жобаның маңызды элементі болады.
Жобаны іске асыру Pfizer компаниясының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР ИЖТМ «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігімен ынтымақтастық шеңберінде өтіп жатыр.
Құрамына ДСМ және Kaznex Invest өкілдерінен басқа Назарбаев Университетінің, Ұлттық медициналық холдингтің, Өмір туралы ғылым орталығының, Астана медициналық университетінің, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК өкілдері кіретін мекемеаралық жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы әдістеме мен мамандарды дайындауды қоса алғанда Қазақстанда клиникалық зерттеулерді өткізу үшін қажет инфрақұрылымды дамыту және талдау өткізілуде.
Қазақстанда клиникалық сынақ орталықтарын бірлесіп дамыту бойынша меморандумға VI АЭФ шеңберінде 2013 жылдың мамыр айында Pfizer, ДСМ және Kaznex Invest қол қойғанын еске түсіре кеткен жөн. Оған дейін, 2012 жылдың аяғында Премьер-Министр орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Kaznex Invest ұйымдастырған АҚШ-қа роуд-шоу кезінде Pfizer басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Қазақстанға соңғы сапары кезінде фармацевтикалық компания басшылығы Қазақстан биофармацевтикалық саласын дамытуға көп тарапты қолдау көрсетуге ниет білдірді. Pfizer компаниясының вакцина және онкология бөлімінің Президенті Альберта Бурланың ықтимал сапары кезінде инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге 2014 жылдың мамырында қол қою жоспарланған.
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ -
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады -
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады -
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады -
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Елордадағы "ерекше" балалар "Ailand" орталығына тегін саяхаттады