СҚО-да Жолдауды республикалық ақпараттық-насихаттық топ түсіндірді

21 Ақпан, 2014 10:40
Солтүстік Қазақстан облысында 19-20 ақпанда мемлекетіміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың басқаруымен республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді.

ҚР ІІМ хабарлағандай, топ құрамына ауыл шаруашылығы, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, индустрия, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және ақпарат, қаржы, өңірлік даму министрліктерінің, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, сондай-ақ Қазақстан халықтары ассамблеясының өкілдер кірді.

Републикалық ақпараттық-насихаттау тобы жұмысының аясында министрліктер мен ведомстволардың басшылары облыстың жұртшылығымен кездесті, облыс аудандарына шығып, азаматтарды қабылдады. 

Қ. Қасымов халықпен кездесуінде сөз сөйлеуі кезінде  биылғы Жолдаудың азаматтардың өмірін жыл сайынғы жақсартуға және жалпы ұлттық табыстарға кезең-кезеңмен қол жеткізу жоспарын ұсынатын «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға бағытталғандығын айтып өтті.

Қабылдауда нақты  қылмыстарды ашу, қызметке қайта қабылдау, зейнетақы төлемдерін көтеру және басқа мәселелерді шешуге қатысты сұрақтар қойылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар