- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімдігі мен AES компаниясы 600 млн теңгенің меморандумына қол қойды
ШҚО әкімдігі мен AES компаниясы 600 млн теңгенің меморандумына қол қойды
ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, AES компаниясы тобы мен әлеуметтік әріптестік қазірдің өзінде нәтижесін беруде. 2012 жылы олар Семей қаласындағы фермерлік шаруашылыққа қаражат құйды, балабақша салып, балалар үйінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне тұрақты түрде қол ұшын беріп келеді. Сонымен қатар, мұқтаж жандарға жекелеген көмектерді де аямақ емес.
Меморандум шарты бойынша, компания 2 жыл бойы әлеуметтік жобаларға 600 млн теңге бөлуге міндеттеледі. Соның ішінде 300 млн-ы Өскемен қаласындағы балабақша құрылысына бағытталса, 230 млн-ы Шұлба ауылындағы ғимараттардың қалыпқа келтіріліп, алдағы уақытта коммуналдық меншікке өткізілуін көздейді. Ал қалған қаражат мұқтаж жандарға арналады. Оның ішінде ардагерлер, көпбалалы отбасылар мен өзге де әлеуметтік аз қамтылған азаматтар бар.
«Біз ұйым ретінде әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік әріптестікке көп мән береміз. Мүмкіндігіміздің жеткенінше мұндай шараларға қатысуға тырысамыз. Бүгінде біз жаңа екі жоба бойынша меморандум түзуге ниет білдіріп отырмыз. Алдағы уақытта бұл шаралар өңір халқының әлеуметтік жағдайын жақсартады деген сенімдеміз», – дейді AES компаниясының Қазақстандағы ыице-президенті Әлфия Жұмаева.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері