- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылдың I тоқсанының соңына дейін Қазақстандағы МӨЗ құрылысы жүргізілетін аймақ белгілі болады - МГМ
2014 жылдың I тоқсанының соңына дейін Қазақстандағы МӨЗ құрылысы жүргізілетін аймақ белгілі болады - МГМ
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын жариялағаны баршамызға белгілі. Онда Елбасы ағымдағы тоқсанның ішінде инвестиция көзін және еліміздегі төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы қай жерде жүргізілетінін анықтауды тапсырған болатын», - деп Ә.Арғымбаев атап өтті.
Оның айтуынша, Мұнай және газ министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен, қызығушылық танытып отырған ұйымдармен бірлесіп сараптама және техникалық-экономикалық есептеулерді жүргізетін жұмыс тобы құрылды. Осы ретте аймақтардың 2050 жылға дейін даму болжамдары есепке алынады.
«Мұнда мына мәселелер қаралады - қор, яғни су, электрэнергиясы, табиға газ, және инфрақұрылым. Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақмерзімді жоспары да маңызды. Негізгі мұнай өнімдері - бензин, дизельді жанармай, әуекеросин және мазутты тұтыну көрсеткіштерінде қарастыру керек», - деді Ә. Арғымбаев.
Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселе аймақтағы халықтың тығыздығы және еңбек нарығын шолу болып табылады.
«Төртінші мұнай өңдеу зауытын орналастыру бойынша сараптамалық есептерді жүргізу барысында халық қалаулыларынан, қоғамдық ұйымдардан, әкімдіктерден түсіп жатқан ұсыныстардың барлығы қаралады. Барлық ұсыныстарды Мұнай және газ министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен, қызығушылық танытып отырған ұйымдардан ашылған жұмыс тобы олардың әрқайсысын қарап шығады», - деп Ә. Арғымбаев хабарлады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері