- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылғы Жолдауда елдің қазіргісі мен болашағы қамтылған – А.Аманбаев
2014 жылғы Жолдауда елдің қазіргісі мен болашағы қамтылған – А.Аманбаев
«Мемлекет басшысының әр Жолдауы түрлі деңгей мамандарының арасында, соның ішінде құқық қорғау органдары арасында кеңінен резонанс тудыра отырып ел ішімен қатар шет елдерде де үлкен қызығушылықпен талқылануда. Президент Жолдауы жеке басыма ерекше әсер етті. Оның негізінде азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік беру бойынша орындалуы керек шараларды қамтиды. Жолдауды мұқият оқи отырып одан елдің қазіргісі мен болашағын көре алуға болады», - дейді А.Аманбаев.
Департамент бастығының айтуынша, Президент Жолдауында пагондағы жандардың үлкен құзіретке ие екендіктеріне тоқталған. Олар өз кезектерінде үлкен адамгершілік қасиеттермен және жоғары біліктіліктерімен өзге азаматтардан ерекшеленуі керек. Сонымен қатар, сот және құқық қорғау жүйелері әлемдік заманауи талаптарға сай болғаны жөн. Осы кезде ғана еліміз үздік 30-дыққа ене алады.
«Қазіргі таңда барлық құқық қорғау қызметкерлері мен сот жүйесін бағалаудың ең оңтайлы жолы азаматтардың сенімінен шыға алу деңгейі. Құқық қорғау органдарының кез келген қызметкерін халық өз қорғаушысы және көмекшісі ретінде сезінуі керек», - деді А.Аманбаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қаржы полициясының басты тапсырмаларының бірі жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны құру мен іске асыру.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамда жемқорлықтың кез келген түріне қарсы ат үсті қараушылық болмауы керек. Бұл кеселді тек тиісті жерлерге хабарлау арқылы ғана жоюға болады. Өздеріңізге де белгілі, ҚР Үкіметінің Қаулысына сай, бүгінде жемқорлықтың алдын алуға немесе соған қарсы күреске үлес қосқан жандарға материалдық ынталандыру сыйлығы беріледі, бұл өз кезегінде жемісін де беріп жатыр», - дейді А.Аманбаев.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады