- Басты
- Жаңалықтар
- Әбу-Дабиде Орталық коммуникациялар қызметі мен БАӘ Ұлттық медиа кеңесі меморандумға қол қойды
Әбу-Дабиде Орталық коммуникациялар қызметі мен БАӘ Ұлттық медиа кеңесі меморандумға қол қойды
Әбу-Дабидегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен, Қазақстан тарапынан Меморандумға Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров, әмірлік тарапынан - БАӘ Ұлттық Медиа еңесінің директоры Ибрахим Әл Абед қол қойды.
«Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынастың негізінде, тараптар екі елдің ақпараттық кеңістігінде жалпы адамзаттық, мемлекеттік және патриоттық құндылықтарды, ұлттық бірлікті, рухани-адамгершілік құндылықтарға деген құрметті, салауатты өмір салтты, ашықтық пен толеранттылықты қолдау жөніндегі жан-жақты өзара іс-шаралар мен халықаралық байланыстарды нығайту жөніндегі түбегейлі келісімге қол жеткізіп отыр», - деп Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.
Орталық коммуникациялар қызметі мен Ұлттық Медиа Кеңесі тақырыптық іс-шаралар, семинарлар мен курстар, бірлескен зерттеулер ұйымдастырады және екі жақ та мүдделі ақпараттық бағдарламаларды жүзеге асырады.
Айта кетейік, Ұлттық Медиа Кеңесі (National Media Council, NMC) Біріккен Араб Әмірліктерінің ақпарат саласында жалпы жетекшілік ететін федералдық орган болып табылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері