Н. Назарбаев Израиль экс-Премьер-Министрі Эхуд Баракпен кездесті

20 Ақпан, 2014 17:10
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Израиль экс-Премьер-Министрі Эхуд Баракпен кездесті.

Ақордада хабарлағандай, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар үнемі жоғары деңгейде келе жатқанын және Қазақстан экономиканы, саясатты, инвестицияны қамтитын түрлі салалардағы өзара ықпалдастықты нығайтуға әрдайым мүдделілік танытқанын айтты.

Өз кезегінде Э.Барак денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы ынтымақтастық үшін перспективалар барын атап өтіп, оның аясын бұдан әрі кеңейтуге үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

 

Барлық жаңалықтар