- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Қазақстан мен Әзірбайжан Көшбасшыларының келісімдерін заңнамалық қолдау қажет
Н.Нығматулин: Қазақстан мен Әзірбайжан Көшбасшыларының келісімдерін заңнамалық қолдау қажет
«Екі ел парламенттерінің өзара іс-қимыл бағытының жаңа белесіне жол ашатын маңызды құжатқа Баку қаласында қос мемлекеттің заң шығарушы орган басшыларының кездесуі барысында қол қойылды», - деп Парламент Мәжілісінде хабарлады.
Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев арасындағы ұзақмерзімді құжаттарда белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруды құқықтық жағынан қамтамасыз етуге баса назар аудара келіп, келешек өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқыға салды.
Келісімге сәйкес, заң шығармашылық жұмысында тәжірибе алмасу жолында қос тарап, парламенттің бейіндік комитеттері арасында жүйелі іс-қимылды реттеуге, парламентаралық ұйымдар аясында үйлестірілген және келісілген мәселелерді ілгерлету жолында өзара ықпалдасуға, сондай-ақ, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы аясында түркі бірлігін нығайтуға ықпал етпек.
Нұрлан Нығматулин мен Октай Асадов қазақстандық – әзірбайжандық ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын назардан тыс қалдырмады.
Кездесу иелері мемлекет басшыларының келісімдері, стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынас туралы Келісім, сонымен бірге, халықаралық және аймақтық сипаттағы өзекті сауалдар бойынша ұстанымның ұқсастығы екі жақты байланыстың үдемелі дамуына жол ашатынына сенімді. Нұрлан Нығматулин:
«Әзірбайжан Қазақстанның кавказ өңіріндегі негізгі және сенімді әріптесі. Және біздің президенттеріміздің бастамасымен құрылған түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі түркі халықтарын біріктіруде маңызды рөл атқарады»-, деді.
Қос Спикердің пікірінше, біздің елдеріміздің, инвестициялық салада мұнай және газ тасымалдау бойынша, ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация, басқа да экономикалық салаларда ынтымақтастық мүмкіндігі өте зор.
Аймақтық ынтымақтастықты нығайтуда Баку – Ақтау – Баку бағыты бойынша паромдық қатынас, сондай-ақ, Ақтау және Баку халықаралық теңіз сауда порттары арасында тығыз байланыс орнаған.
«Біздің Парламенттеріміз арасында арнайы Келісімге қол қойылды. Әрине, бұл Құжат біздің Елбасының және Әзірбайжан Президентінің Стратегиялық келісімдерін заң жағынан қолдауға, сонымен бірге, біздің елдеріміздің келешекте табысты дамуына үлес қосатыны сөзсіз»,-деді Н. Нығматулин.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция