- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша бірқатар нысан салынады
Атырау облысында инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша бірқатар нысан салынады
Бұл туралы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев республикалық ақпараттық-насихаттық тобының (РАНТ) жетекшісі ретінде Атырау облысына барған сапар барысында хабардар етті.
Облыс активімен кездесу кезінде Асқар Жұмағалиев Жолдаудың негізгі қағидалары және Мемлекет басшысының үкіметке берген тапсырмалары жөнінде айтып өтті.
Сонымен бірге министр мемлекет басшысының республикамыздың транзиттік әлеуетін дамытуға байланысты тапсырмаларына баса назар аударды. Министрлік басқа да мүдделі органдармен бірлесе отырып, халықаралық сауда жасау барысында жеткізілім тізбегінің тиімділігін арттыруға және қазіргі заманғы логистика және дистрибуция орталықтарын дамытуда әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған шаралар кешенін әзірлеп жатқандығын атап өтті.
Оның айтуынша, жүк тасымалдауда талап етілетін құжаттар санын қысқарту, электрондық құжат айналымын енгізу және бақылау органдары мен тасымалдау үдерісіне қатысушылардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру және шекара өтпелерінің өткізу қабілетін арттыру мәселелеріне баса назар аударылатын болады.
Сонымен бірге Асқар Жұмағалиев ағымдағы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысы бекіткен Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған шаралар туралы айтты. «Бағдарлама елімізге де және жеке Атырау облысына да оң ықпал жасайтын болады: аймақта қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымы қалыптастырылып, көлік қызметінің сапасы артады, жаңа жұмыс орындары пайда болады» деп, атап өтті министр.
Айталық, Атырау облысында аталған Бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 160 км республикалық жолдарды күрделі және орташа жөндеуден, жолаушыларға қызмет көрсету 6 пунктін және аудан орталықтары мен селода (ауылдарда) 67 такси тұрақтарын және теміржол вокзалдарын жөндеуден өткізу жоспарланған
Айта кетейік, 2013 жылы облыста 3 теміржол вокзалында, атап айтқанда Кеңбай, Жантерек және Бақсай станцияларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін еске саламыз.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды