- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның ХҚКО-нда мектеп аттестаты мен білімі туралы дипломның телнұсқалары беріледі
ҚР-ның ХҚКО-нда мектеп аттестаты мен білімі туралы дипломның телнұсқалары беріледі
Көліккомминде хабарлағандай, бұл қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мен оңтайландырудан кейін енді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы дипломдардың телнұсқаларын, сондай-ақ негізгі орта, жалпы орта білімі туралы аттестаттардың телнұсқаларын алу үшін азаматтың жеке куәлігі мен табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтама ғана керек.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осы қызметтерді енгізгеннен кейін білім ұйымдарына бару қажеттілігі жойылды, бұл орайда кез келген ХҚКО-ға барып, өтінім берудің өзі жеткілікті. Оның үстіне бұл қызметтерді алу кезінде қажетті құжаттардың тізімі оңтайландырудан кейін екі есеге қысқарды» - деп атап өтті ХҚКО қызметтерін автоматтандыру және ұйымдастыру жөніндегі бас директордың орынбасары Балташева Асемгүл.
Айтпақшы, бұрын диплом мен аттестаттың телнұсқасын алу үшін газеттен жоғалғандығы туралы үзіндіні, туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесін, табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтаманы ұсыну, сондай-ақ жоғалу жағдайының толық сипаттамасы берілген өтінішті жазу талап етілген.
Бұл қызметті ХҚКО-нда Қазақстан Республикасының адамдары, сондай-ақ Қазақстан аймағында тұрғылықты тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар және ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары пайдалана алады. Аттестаттың телнұсқасын күнтізбелік 10 күн ішінде, ал техникалық және кәсіби білімі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың телнұсқасын сәйкесінше 10 және 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді